Өткен тәулікте алты адам коронавирустан, бір адам пневмониядан көз жұмды

24 Қараша 2020, 09:56
Сурет: Алматы ӨКҚ

Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылғы 24 қарашадағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға шалдығушылар туралы мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға шалдыққан 20 адам тіркелді, 30 адам одан емделіп, жазылды.

1 тамыздан бастап коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 41 203 жағдайы 428 кісі өлімі тіркелді, емделіп, жазылғандрдың жалпы саны - 30 086.

Өткен тәулікте 6 адам коронавирустан, 1 адам пневмониядан қайтыс болды.

Пандемия басталғалы бері, коронавирустың салдарынан 1 996 адам, 1 тамыздан бастап пневмониядан 428 адам қайтыс болды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?