Өткен тәулікте елімізде коронавирус пен пневмониядан 8 адам көз жұмды

Денсаулық сақтау министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2020 15:51 Денсаулық сақтау министрлігі
Коронавирус инфекциясының салдарынан 6 адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан 2 адам қайтыс болды.

Өткен тәулікте елімізде коронавирус пен пневмониядан 8 адам көз жұмды, деп хабарлайды zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, коронавирус инфекциясынан 6 адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан 2 адам қайтыс болды.

Қазіргі уақытта 7 379 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның 30-ы - балалар. Ауруханаларда 3 811 науқас, амбулаториялық деңгейде - 3 568 науқас ем-дом алуда. 197 адамның жағдайы ауыр, 35-інің денсаулық жағдайы өте ауыр деп бағаланады, 42 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: