Мәжіліс 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасын қабылдады

24 Қараша 2020, 10:48
Сурет: Pixabay

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Сенаттың түзетулерімен келісе отырып, 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасы қабылданды, деп хабарлайды zakon.kz.

19 қарашада заң жобасы Сенат отырысында қаралды. Нәтижесінде бюджет шығыстарына 39 түзету енгізілді. Республикалық бюджет 2021 жылы 15,2 миллиардқа және 2022 жылы үкіметтік резервтердің қайта бөлінуіне байланысты 4,7 миллиард теңгеге ұлғайтылды.

Мемлекеттік органдар арасында шығындар 2021 жылы 22,5 миллиард теңге, 2022 жылы 636 миллион теңгеге және 2023 жылы 1,2 миллиард теңге көлемінде қайта бөлініп қарастырылды. Осы негіздегі түзетулер 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттің параметріне еш әсер етпейді, яғни оны өзгертпейді.

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы Татьяна Яковлева депутаттар бұл түзетулерді қолдауға болады деп санайтынын жеткізді.

Дауыс беру қорытындысы бойынша депутаттар оң шешім қабылдады.

Коронавируспен күреспен байланысты бюджет шығындарын қайта бөліп қарастыруға тура келгендігі белгілі.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?