Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Алматыда сап-сау ағаштардың оталып жатқандығына назар аудартты

Facebook, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2020 18:21 Facebook
Сағынтаевқа осы мәселеге қатысты қызметтік тексеру жүргізу тапсырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкіміне ағаштардың оталуына қатысты қызметтік тексеру жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы Төле би көшесіндегі ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударды. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа аталған жағдайға байланысты қызметтік тексеру жүргізіп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды. Мемлекет басшысы 2019 жылы 29 қазанда Алматыда қала проблемаларына арналған кеңесте сөйлеген сөзінде мегаполистің экожүйесіне ұқыпты қараудың, шаһар тұрғындарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін тиісті жағдайлар жасаудың ерекше маңызды екенін мәлім еткен болатын", леп жазды ол.

22 қарашада Әуезов көшесімен қиылысқан Төле би көшесінің 187 үйі маңында 13 ағаш оталған: тоғызы - емен және төртеуі - қарағаш. Ашуға мінген қала тұрғындарының шағым-арызына Алмалы ауданының әкімдігі жауап берді.

Қылмыскерлерге шара қолданылады, деп сендірді олар.

13 ағаш оталған: тоғызы - емен және төртеуі - қарағаш. Белгілі болғандай, Sulpak-тың "Сакура" және "Бөрібекова" мердігер компаниялары Төле би көшесіндегі ғимарат маңында абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатқан болып шықты. Arena S (Sulpak сауда маркасының иесі - авторлық ескерту), ғимарат иелері және екі жеке кәсіпкер - "Сакура" және "Бөрібеков" компаниясы дренаждық арнаны, тротуар плиталарды жөндеу, өсінділерді отау және тағы басқа жұмыстар жүргізу бойынша келісім жасалған, - делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар, Sulpak оталған ағаштар өз аймағына жатпайтынын айтты.

Өз кезегінде, 24 қарашада Алматы қаласының табиғат қорғау прокуратурасы бұл жағдайға қатысты мынаны мәлімдеді.

Уәкілетті мемлекеттік органдар көрсетілген ағаштарды кесуге рұқсат бермегені анықталды. Аталған факт бойынша Алматы қаласының табиғатты қорғау прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабы (ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу барысында тиісті сараптама тағайындалады, оның нәтижесі бойынша зиян көлемі бағаланады және заңдық баға беріледі. Сотқа дейінгі тергеу қалалық прокуратураның бақылауында, - делінген Алматы прокуратурасының баспасөз хабарламасында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: