Атыраудағы "атқамінер" полковниктің әрекеті Президентке жетті
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ІІМ басшысына Атырау облысындағы ПД бастығына қатысты тергеу жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
– Е.Тұрғымбаевқа Атырау облысы Полиция департаментінің ерсі әрекет жасаған бастығына қатысты қызметтік тексеру жүргізу жөнінде тапсырма берілді. Қатаң шаралар қолданылады, – деп жазды Президенттің twitter-і.
МВД Е. Тургумбаеву поручено провести служебное расследование в отношении начальника Департамента полиции Атырауской области, в связи с его нескромным поведением. Будут приняты строгие меры.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) 15 мая 2019 г.
Бұған дейін хабарланғандай, ҚР Ішкі істер министрлігі Атырау облысының Полиция департаментінің бастығы Дүйсембаев А.С.-ке қатысы бар деп әлеуметтік желіде тарап кеткен видеоны тексеруге кіріскен. Қызметтік тексеруден кейін заңда бекітілген тәртіп бойынша шешім шығарылады.
Атыраду облыстық ІІД бастығы Дүйсембаев Аян Сәбитұлы 1966 жылы 12 қаңтарда Атырау облысында дүниеге келген. Әр жылдары Атырау, Алматы, Астанада ішкі істер органдарында басшылық қызметтерде болған. Полиция полковнигі.