Жаңалықтар тізбегі
0

"Ауруханалар науқастарға толып кетті" деп желіде тараған ақпарат - фейк

 stopfake.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2020 23:44  stopfake.kz
СOVID-19 инфекциясынан көз жұмған 600 дәрігер туралы ақпарат та расталған жоқ.

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде COVID-19 ауруының етек жайғанын дәлелдеу үшін жиі қолданылатын сөз тіркестері жазылған суреттерді жариялауда. Олардың ішінде "Қазақстанның ауруханалары толы науқастар, емдейтін ешкім жоқ" деген пікір мен коронавирус инфекциясынан қайтыс болған 600 дәрігер туралы ақпарат та бар. Бұл хабарламалар – фейк, деп хабарлайды zakon.kz.

"ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, қазіргі кезде еліміздегі инфекциялық ауруханалар 22% жұмыс істеп тұр. 15 151 төсек-орынның 3 289-ына науқастар жатқызылды. Жан сақтау бөлімінің 17% (1523-тен 256 төсек) қамтылған. Карантиндік стационарларда 428 науқас жатыр, оның ішінде 6886 төсек-орын бар. Мұндағы жүктеме 6,2% құрайды", делінген stopfake.kz.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2020 23:44

СOVID-19 инфекциясынан көз жұмған 600 дәрігер туралы ақпарат та расталған жоқ. Ресми мәліметтер бойынша, елімізде осы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша індеттен қайтыс болған дәрігерлердің отбасыларына төленген 182 төлем тіркелген.

Демек, Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесінің шамадан тыс жүктелуі және дәрігерлер жетіспеушілігі туралы пікірлер – фейк.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: