Жаңалықтар тізбегі
0

Танымал саясаттанушылар мен экономистер Nur Otan-ның сайлауалды бағдарламасын саралады

Nur Otan, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2020 23:51 Nur Otan
Еліміз бойынша 70-ке жуық фокус-топтар өткізілді, соның аясында мемлекеттік орган қызметкерлерінің де, партиялықтардың да сұраныстары мен талап-тілектері зерделенді.

"Nur Otan" партиясының Мәжіліс сайлауына арналған сайлауалды бағдарламасын сарапшылар қауымдастығының өкілдері, сонымен бірге, белгілі саясаттанушылар, қоғам белсенділері мен экономистер талқылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Олардың арасында ҚСЗИ директоры Зарема Шәукенова, Экономикалық зерттеулер институтының төрағасы Руслан Сұлтанов, саясаттанушылар Айдос Сарым, Максим Казначеев, Ислам Кураев және Расул Жұмалы, Еуразиялық интеграция институтының директоры Ерлан Саиров, Қолданбалы зерттеулер орталығының басшысы Рахым Ошақбаев, сарапшылар Ярали Халилов, Нұрлан Махмудов, Белла Гадзиева, Ләззат Нұрқатова және т.б. бар.

Кездесуде сөйлеген "Nur Otan" Хатшысы Арман Қырықбаевтың атап өткеніндей, Елбасы, Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына орай жұмысшы тобы Үкіметпен бірге екі ай ішінде, бұрынғы тәжірибе мен әлемдік трендтерді ескере, қоғамның сұраныстарын назарға ала отырып, бағдарламаны пысықтады.

Еліміз бойынша 70-ке жуық фокус-топтар өткізілді, соның аясында мемлекеттік орган қызметкерлерінің де, партиялықтардың да сұраныстары мен талап-тілектері зерделенді.

Егер бағдарламаның бастапқы жобасы салалық сипатқа ие болса, пысықталғаннан кейін бесжылдық құжатта халықтың барлық тобының сұранысы барынша қамтыла түсті.

Бұл ретте "Nur Otan" партиясының бағдарламасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасына және халыққа арнаған Жолдауында көрсетілген міндеттеріне негізделген. Аталған құжаттардағы тұжырымдамалық идеялар партияның сайлауалды бағдарламасының нақты индикаторларында, шаралары мен міндеттерінде көрініс тапты.

Кездесуге қатысушылардың айтуынша, "Nur Otan" партиясының бағдарламасы пандемиядан туындаған күрделі экономикалық ахуалға қарамастан ауқымды бола түскен. Сонымен бірге олар "Nur Otan" партиясының жалпы республикалық партияішілік сайлау ауқымында өткізген праймеризін жоғары бағалады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2020 23:51

Сарапшы Белла Газдиеваның айтуынша, праймериздің арқасында азаматтардың өзекті ұсыныстары мен өтініштері жиналып, бағдарлама жобасына енген. Өз кезегінде саясаттанушы Максим Казначеев партия алдағы сайлау науқанының күн тәртібін айқындап алғанын атап өтті.

"Бұл бағдарлама партияның дағдарыс жағдайына жедел ден қоя отырып, уақытпен қатар қадам басып келе жатқанын көрсетеді. Өткен праймериз партияның жүйелі жаңаруға дайын екенін дәлелдеді. Партияішілік іріктеу барысында белсенді тұлғаларды анықтауға мүмкіндік туды. Партияға жаңа мүшелер, оның ішінде өз саласының танымал тұлғалар кірді. Өңірлердегі пікірталастарда бағдарламалардың қызу талқылануы қорытынды құжатта нақты проблемалардың ескерілетінін білдіреді", - деп атап өтті Максим Казначеев.

Кездесу қорытындысында қатысушылар өздерінің бірқатар ұсыныстарын алға тартты. Партия Хатшысы Арман Қырықбаевтың айтуынша, олардың барлығы қаралып, ескерілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша "Nur Otan" әр өңір, қала және аудан бойынша 216 сайлауалды бағдарламаның жобалары әзірледі.

Жобалар өңірлердегі, оның ішінде елдегі ең шалғай елді мекендеріндегі халықпен кездесулердің қорытындылары бойынша қалыптастырылған түйінді мәселелер картасы негізінде әзірленді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру аясында бағдарламалардың барлық жобалары праймериз барысында тұрғындармен кеңінен талқыланды. Қабылданған өңірлік бағдарламаларда азаматтардың 17 мың ұсыныс пен ескертулерінің 80%-тен астамы ескерілген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: