Тоқаев: Мемлекеттік органдардың қызметі ашық әрі үнемі қоғамның бақылауында болуы керек

25 Қараша 2020, 13:13
Сурет: Pixabay

Мемлекеттік органдардың қызметі ашық және тұрақты түрде бақылауда болуы керек, деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының ХХ съезінде, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

- Біздің беретін басты басымдық - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Бұл - науқаншылдық емес, байыпты әрі дәйекті іс. Мемлекеттік органдардың қызметі ашық әрі үнемі қоғамның бақылауында болуы керек, - деді Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы волонтерлықты және үкіметтік емес секторды жан-жақты қолдау - еліміздің тұрақты дамуының кепілі екенін атап өтті.

- Қоғам мен азаматтық сектор мемлекет қызметінің барлық негізгі мәселелері бойынша шешім қабылдау процесінің толыққанды қатысушысы болуы керек. Сонымен қатар, партия жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын белсенді насихаттайтын болады. Оның құрамына ауыл әкімдерін сайлау, қоғамның қатысысуындағы бюджет және жергілікті билік органдарын қоғам тарапынан бақылау кіреді. Жергілікті өзін-өзі басқаруды реформалау мұнымен тоқтап қалмайды. Пайдалы нәтижелерге қол жеткізген соң да партия осы саладағы тиімді дамумен ары қарай да айналысады, деп сендірді Қазақстан Президенті.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?