"Ашық диалог" порталында мемлекеттік органдардың басшыларына сұрау салу қызметі жабылды
Сурет: gov4c.kz
"Ашық диалог" порталында блог-платформа сервисі арқылы орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың басшыларына сұрау салу қызметі жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Енді сіз мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына "Е-otinish" арқылы жүгіне аласыз", – делінген электронды үкімет сайтының әлеуметтік желілерде жариялаған хабарландыруында.
"Е-otinish" платформасы азаматқа мемлекеттік органға өтініш беретін платформа.
"Е-otinish" жүйесі арқылы сіз шағым немесе өтініш бергеннен кейін пікіріңізді мемлекеттік орган шешім қабылданғанға дейін білдіре аласыз. Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан соң сізді жауап қаншалықты қанағаттандыратынын бағалай аласыз", – деп жазылған әлеуметтік парақшадағы хабарламада.
Бұл өзгерістер "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" ҚР Заңы аясында енгізілген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript