Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары жаңадан тағайындалды

ҚР Ұлттық ұлан, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2020 23:58 ҚР Ұлттық ұлан
Бұл лауазымды қызметке полковник Константин Воронкин келді.

Полковник Константин Воронкин Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

"ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің биылғы жылғы 24 қарашадағы бұйрығымен Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары лауазымына полковник Константин Воронкин тағайындалды" делінген Ұлттық ұланнның баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тағайындалған офицерді Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеке құрамына Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.

Ведомство басшысы Константин Юрьевичтің құқықтық тәртіп әскерінің басқару жүйесінде мол қызметтік тәжірибесі бар екенін айтып, оның ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның дамуына лайықты үлес қосатынына сенім білдірді.

Константин Воронкин қызметтік жолын Шымкент қаласында взвод командирінен бастаған. Кейін құқықтық тәртіп әскерінде техника және қару-жарақ бағыты бойынша түрлі лауазымдарда қызмет етті. 2011 жылдан бастап күні бүгінге дейін Ішкі әскерлер, бұдан соң Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығында техника және қару-жарақ басқармасына басшылық жасап келді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2020 23:58

Ішкі істер министрінің осы бұйрығымен Ұлттық ұланның "Орталық" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы лауазымына полковник Нұрбол Міртаев, "Орталық" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары лауазымына полковник Ерлан Шөкішев тағайындалды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2020 23:58

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: