СҚО әкімінің орынбасары жаңадан тағайындалды
СҚО әкімдігі
Бұл лауазымды қызметке Иван Турков келді.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасары болып Иван Турков тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен Иван Иванович Турков Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Иван Турков 1976 жылы Көкшетау облысы, Красноармейск қаласында дүниеге келген. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, "Фемида" заң академиясын бітірген, мамандығы - қаржы менеджері, заңгер. 1993 жылы өзінің еңбек жолын Красноармейск есеп айырысу-кассалық орталығының операторы ретінде бастады. Осы жылдары ол салық инспекторы болып жұмыс істеді, Тайыншы ауданы Абай ауылдық округінің әкімі, депутат, содан кейін Тайынша ауданының әкімі, Жамбыл ауданының әкімі қызметтерін атқарған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript