Өскеменде жалған фирма иесі 14,9 млн теңгені қолма-қол алу кезінде ұсталды

26 Қараша 2020, 09:39
Сурет: видеодан кадр

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша заңға қайшы әрекеттерді жүзеге асыру фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында екінші деңгейлі банктердің бірінен ақша қаражатының жүйелі түрде қолма-қолға айналдырылып тұрғаны анықталды

Өскемен қаласындағы банктердің бірінде 14,9 миллион теңге көлеміндегі ақша қаражатын қолма-қолға айналдыру барысында жалған кәсіпорындардың бірінің басшысы ұсталды.

Тергеу жұмыcтарын жүргізу барысында, Өскемен қаласы тұрғынының 2015-2019 жылдар аралығында жалған 4 кәсіпорынды өзінің туыстары мен таныстарына тіркей отырып, жалған бухгалтерлік құжаттарды жазып берумен айналысқаны. Бұл кәсіпорындарда кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін автокөлік, үй - жай, өндірістік техникалық база және қызметкерлер штаты болмаған.

Жалған фирмалардың басшыларының қаржы шаруашылық мәселелерімен айналыспағаны, бухгалтерлік есеп жүргізбегені және салық есептерін тапсырмаған анықталды.

Іс жүзінде фирмалар қылмыстық іс әрекеттерді жүзеге асыру үшін, контрагенттерге салықтан жалтару үшін жалған есеп шоттарды жазып берумен айналысқан.

Нәтижесінде мемлекетке төленбеген салық түрінде 852,5 млн теңге көлемінде шығын келтірілгені анықталды.

Өскемен қаласы №2 сотының үкімімен айыпталушы ҚР ҚК 28 және 216 баптарының 3-б. кінәлі деп танылып, шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айырылды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?