Жаңалықтар тізбегі
0

2 млрд теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандар ұсталды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2021 16:01 zakon.kz
Қылмыстық топ жойылды.

Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мүшелері 3 жыл ішінде 2 млрд теңгеге жуық соманы қолма-қол ақшаға айналдырған қылмыстық топ қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМА Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

6 адамнан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ Теміртау қаласында жалған бухгалтерлік құжаттарды жазып беру арқылы адал емес салық төлеушілерге салық төлеуден жалтаруға көмектесу мақсатымен қызмет еткен.

Осы мақсатта заңсыз қызметке тартылды ҰҚТ бақылауындағы 8 жалған фирма тартылды.

Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде мемлекетке төленбеген салық түрінде шамамен 200 млн теңге көлемінде залал келтірілді.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жолданды, топтың ұйымдастырушысы және сыбайластарының бірі қамауға алынды.

Заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру қоғамда екі маңызды мәселені – салықтардың түспеуін және сыбайлас жемқорлықтың өсуін тудырады.

Адал емес кәсіпкерлердің бюджетке салық пен басқа да түсімдерді төлеуден жалтаруынан мектептер, ауруханалар және басқа да әлеуметтік маңызы бар объектілер салуға қажетті қаражат түспейді.

Сонымен бірге, заңсыз қолма-қолға айналдырылған ақша пара беру, параға сатып алу секілді бірқатар басқа құқық бұзушылықтарда пайдаланылып, сол арқылы елімізде сыбайлас жемқорлықтың кеңінен таралуына себеп болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: