Күршім ауданында ауыл мектептерінің мәселесі шешілуде

26 Қараша 2020, 15:44
Сурет: voxpopuli.kz

Аудандағы білім саласын көтеру, оқушыларға қажетті жағдай жасау әлеуметтік саладағы маңызды бағыт. Атап айтқанда, аудан мектептерінің бірқатарында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді, дәретханалар ғимарат ішінен салынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазіргі пандемия жағдайына сәйкес онлайн оқу форматында оқушылардың оқытылуы үшін қажетті жағдайлар жасалған.

Ауданның білім беру саласын жаңа деңгейге көтеруге бес жылға 1,9 млрд теңге қарастырылған.

Биылғы жылы білім беру мекемелеріне ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарына жалпы 983,2 млн теңге қаражат бөлінді.

2020 жылы Күршім ауылындағы Гагарин атындағы №1, Н.Островский атындағы №4 орта мектептері жөндеуден өтіп, Марқакөл ауылындағы балабақшаға, Қалжыр, Қаратоғай ауылдарының орта мектептеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Бурабай, Сарыөлең, Құйған, Марқакөл, Қаратоғай, Қалжыр, Қарой орта мектептерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2020 жылы Марқакөл ауылындағы №1 орта мектебінде тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арнап бейімдеу жұмыстары жүргізіліп, 30 мектептің базасында инклюзивті (мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған) кабинеттер жабдықталады. 2021 жылы инклюзивті білім алуға жағдай жасаған мектептердің үлесі 100% болады.

2021 жылы Ұрынхай ауылында 80 орындық мектеп, Жолнұсқау ауылында 50 орындық жаңа мектеп салу жоспарланған.

Алдағы жылдары ауданның білім беру мекемелерін күрделі жөндеуден өткізуге жалпы 339,3 млн. теңге қаржы қарастырылған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?