Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда 1 қыркүйекте ұстаздар оқушыларды ерекше қарсы алады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2021 23:55 zakon.kz
Жалпы қала көлеміндегі білім беру саласына 35 млрд теңге бөлінген.

Павлодар қаласы педагогтарының "Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі" атты тамыз конференциясының пленарлық сессиясы өтуде, деп хабарлайды zakon.kz.

Pavlodarnews.kz мәліметі бойынша, конференция жұмысын ашқан қала әкімі Асайын Байханов мектептердегі балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылатынын айтты. Бұл мақсатқа мектептерде 4000-нан астам бейнекамера орнатылған. Олардың барлығы полицияның жедел әрекет ету орталығына қосылған.

Одан бөлек, қала басшысы өңірімізде белсенді түрде жүзеге асырылып жатқан "Заманауи мектеп" бағдарламасына ерекше тоқталды.

"Заманауи мектеп" - ол мектептердің жай ғана материалдық-техникалық базасын күшейту ғана емес, бастысы – мектептің мәнін өзгерту, - деді Асайын Байханов. – Алдағы 20 жыл ішінде қазіргі мамандықтардың 40 проценті көнереді. Сол себепті оқушыларды лайықты түрде дайындау аса маңызды. Біз балаларды алдағы күрделі әрі бәсекеге толы өмірге дайындауымыз қажет.

Әрі қарай облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы сөз алды. Ол вакцинациядан өткен әріптестеріне алғыс айтып, офлайн оқытудың қаншалықты маңызды екендігіне тоқталды.

Пандемия кезінде теңдессіз тәжірибе жинадық, алайда мұғалімнің мейірімді көздерін ешбір цифрлық технология алмастыра алмайтынына көзіміз жетті, - деді Дінислам Болатханұлы. – Кеше облыстық тамыз конференциясында облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов мұғалімдерге ерекше өтініш айтқан: 1 қыркүйекте балалардан, бірінші кезекте, сабақ сұрамай, "Балам, қалайсың?" деп қарсы алайықшы. Балалардан "саған қандай көмек керек" деп сұрайық.

Қалалық білім беру бөлімінің басшысы Самал Айтқазина айтып өткендей, биыл мектеп табалдырығын 18 мыңнан астам бала аттайды. Бұл былтырғыдан гөрі 500 балаға артық. Жаңа оқу жылында Павлодарда 43 мектеп есіктерін айқара ашады.

Жалпы қала көлеміндегі білім беру саласына 35 млрд теңге бөлінген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: