Павлодарда бір әйел он айлық баласын трамвай аялдамасына тастап кеткен

27 Қараша 2020, 10:27
Сурет: poiskoviki_pavlodara_vita

26 қазан күні кешке павлодарлық волонтерлар аяғынан тік тұрды, олар аялдамадан табылған нәрестенің туыстарын іздеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Табылған бала туралы ақпарат әлеуметтік желідегі poiskoviki_pavlodara_vita парақшасында жарияланды. 26 қараша күні сағат 21.25-те Привокзальная көшесіндегі автобекет аялдамасында түрі азиаттық 8-10 айлық бала табылғаны хабарланды.

Бірнеше сағат ішінде волонтерлар мен тәртіп сақшылары баланың туысы әжесін тапты. Баланың анасы туралы мәліметтерді анықтау мүмкін болды. Сонымен табылған баланың есімі Батыр болып шықты. Ол қазір №2 инфекциялық ауруханада дәрігерлердің бақылауына алынған.

Кейінірек баланың анасы да табылды. Сәбидің тағдыры не болады, оны анасына қайтарып береді, ол жағы, әзірге белгісіз. Өңір полициясы бұл жайтқа байланысты кейінірек толық мәлімет беруге уәде берді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?