Оралда тоғыз айлық бала эскалатордан құлап кетті

скрин, видео, оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2022 09:23 Видеодан скриншот
Бала қазір қалалық көпсалалы ауруханада жатыр. Оның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Мой город» порталының мәліметінше, оқиға 13 наурызда болған. Анасы мен баласы сауда орталығында эскалаторға мініп, көтеріліп келе жатқан. Бір кезде бала әйелдің қолынан сырғып түсіп, төменге құлап кеткен.

Полиция осы істі тексеріп жатыр.

Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі қыздың ауыр халде жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады. Қыз бассүйек-ми жарақатын алған, миы шайқалған. Сонымен қатар балаға кең көлемде қан кету диагнозы қойылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: