Петропавлда бала сауда орталығында эскалатордан құлап кетті

Петропавлда бала сауда орталығында эскалатордан құлап кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2025 19:28 Сурет: unsplash
Мессенджерлерде Петропавлдағы сауда орталықтарының бірінде баланың эскалатордан құлаған сәті түсірілген видео тарап жатыр. Қалалық полиция бұл оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Petropavlovsk.news мәліметінше, полиция департаменті оқиғаның 27 тамызда болғаны хабарлаған.

Эскалатордан шынымен 8 жастағы бала құлап, түрлі дене жарақатын алған.

Алдын ала деректер бойынша, ол кезде бала ата-анасының қарауынсыз жүрген.

"Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, сауда орталығы ғимаратындағы қауіпсіздік жағдайы тексерілуде. Тексеру қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданып, қажетті профилактикалық шаралар жүргізіледі", - деп мәлімдеді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін тиісінше қамтамасыз етпегені үшін ата-анасын жауапқа тарту мәселесі қарастырылып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: