Астанадағы сауда орталығында ер адам металл тірекпен витриналарды талқандады: оқиға видеоға түсіп қалды

Полиция, задержание, арест, задержанный , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2026 09:30 Фото: Zakon.kz
Астанадағы сауда орталықтарының бірінде ер адам тәртіп бұзып, дүкенге зиян келтірген. Құқық бұзушының ұсталғаны туралы елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұзақының әрекеттері бейнебақылау камераларына жазылған.

Жарияланған бейнежазбадан ер адамның металл қоршау тірегін жұлып алып, бутик витриналарын сындырғаны көрінеді.

Полицияның 2026 жылғы 3 ақпандағы мәліметіне сәйкес, 31 жастағы ер адам оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін Алматыдағы дүкендердің бірінде күш қолдану арқылы жасалған қарақшылық шабуыл да бейнежазбаға түсіп қалғаны хабарланған болатын. Қылмыс Әуезов ауданындағы азық-түлік дүкендерінің бірінде орын алған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: