Астанада сауда орталығында іш киімшең жүгіріп, пәтер ұтып алғысы келген ер адам жазаланды

Сот үкімі, Астана, сауда орталығы, іш киім, пәтер, ұтып алу, ер адам , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2025 19:55 Сурет: Zakon.kz
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында елордадағы сауда орталықтарының бірінде жалаңаш күйде плакат ұстап жүрген ер адамға қатысты ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта 2025 жылғы 21 қазанда қолында плакаты бар ер адамның сауда орталығында іш киіммен жүгіріп, "...маған пәтер сыйла!" деп айқайлағаны анықталды. Осылайша, ол қоғамдық орында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Құқық бұзушылықтың мән-жайлары іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, А-ның өз түсініктемесімен және Instagram желісінде жарияланған бейнежазбамен дәлелденді.

Сотта А. өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін білдіріп, бұған дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылмағанын, өз әрекеті арқылы жұрт назарын аударып, Астанадан пәтер ұтып алғысы келгенін айтқан.

Соттың қаулысымен А. ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамақ түріндегі жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін "Англияға құлпынай теруге барамын" деп алаяқтар тұзағына түскендер дабыл қағып, көмек сұрағанын жазғанбыз. 300-ден астам қазақстандық "Англиядағы 1 миллион теңгенің жұмысы" туралы сөзге сеніп, әрқайсысы алаяқтар ұсынған жалған келісімшарттарға 750 мың теңгеден берген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: