Астанада бірнеше ер адам мен жасөспірімнің төбелесі видеоға түсіп қалды

төбелес, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2023 18:16 Сурет: видео скрині
2023 жылғы 15 тамызда полицияға Астанадағы аулалардың бірінде төбелес болып жатқаны туралы хабар түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қызметкерлері үй тұрғындарының аулада қатты шулаған жасөспірімге ескерту жасағанын, алайда әңгіме жанжалға ұласқанын анықтады.

Төбелескендердің барлығы полицияға жеткізілді.


"Осы оқиға бойынша әкімшілік іс жүргізу аясында тексеру жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша кінәлілерге шара қолданылады".Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: