Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда "Түйелер" декоративті-бедерлі панно бастапқы қалпына келтірілуде

пресс-служба акимата города, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2020 18:50 пресс-служба акимата города
П. Шороховтың айтуынша, қазір ол сыртқы қабықты қалпына келтіру жұмыстарымен айналысуда.

Мүсіндік туындының авторы Павел Шорохов Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың өтінішіне жауап ретінде уақыттан және вандалдардың қолынан зардап шеккен композицияны бастапқы қалпына келтіруді қолға алды.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы өзінің парақшасында панноның алматылықтар үшін сүйікті сәулет бейнелерінің біріне айналғанын жазды.

"Түйелер" сәндік бедерлі панносының авторы әрі мүсінші Павел Шорохов композицияны бастапқы қалпына келтіру туралы өтінішімді мақұлдады. 1982 жылы жасалған панно Достық скверінде тұр. Бүгінде ол алматылықтардың сүйікті архитектуралық бейнелерінің бірі", - деп атап өтті Б. Сағынтаев.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2020 18:50

Алматы әкімі Павел Шорохов Алматының визиттік карточкасына айналған бірқатар мүсіндік туындылардың авторы екенін еске салды. Олар - Арбатта тұрған "Ойындағы балалар", "Фламинго", "Лотос", сондай-ақ Қазақ мемлекеттік циркінің жанындағы "Акробатка", "Пантера", "Сайқымазақ" және т.б. Оның жұмыстары Қазақстан, Ресей, Германия, Австрия, Италия музейлеріне қойылған.

П. Шороховтың айтуынша, қазір ол сыртқы қабықты қалпына келтіру жұмыстарымен айналысуда.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2020 18:50

Көріп тұрғандарыңыздай, мыс қабықтың оң және сол жақ шеттері жұлынып қалған. Көп зиян келтірілген. Мыс қабатының шамамен үштен бір бөлігі зақымдалған. Модельдің өзі темірбетонмен құрастырылған, - деп түсіндірді автор.

Осыдан кейін чеканканы қалпына келтіру әрі белгілі бір реңк беру үшін тонировка жасап, қабықты реттеу керек. П. Шороховтың айтуынша, панноны қалпына келтіру қиын әрі оны жөндеу үшін шамамен он күн қажет.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2020 18:50

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: