Жаңалықтар тізбегі
0

"ЖасSTAR" фестивалінің байқау бағдарламасы жалғасуда

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2020 20:22 Нұрсұлтан Назарбаев Қоры
Бүгінгі таңда "ЖасSTAR" тікелей эфирлері 70 мыңнан астам қаралды.

7-26 қараша аралығында Қазақстанда шығармашыл жастардың "ЖасSTAR" халықаралық фестивалі өтті. Фестиваль аясында 35 мәдениет және өнер қайраткерлерінің қатысуымен 14 шығармашылық вебинар өтті. Фестивальді Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырды, деп хабарлайды Нұрсұлтан Назарбаев Қорының баспасөз қызметі.

7-26 қараша аралығында Қазақстанда шығармашыл жастардың "ЖасSTAR" халықаралық фестивалі өтті. Фестиваль аясында 14 вебинар, онлайн-пікірталас, театр өнері, кино, поэзия, әдебиет, фотография, заманауи өнер және креативті индустрия саласындағы artist talks өтті.

Қатысушылар мен сарапшылардың пікірінше 10 жылдан бері Нұрсұлтан Назарбаев Қорының дәстүрлі және жарқын жобасына айналған шығармашыл жастардың "ЖасSTAR" халықаралық фестивалі биылғы жылдың өзгерістеріне байланысты онлайн форматта өтті.

Жаңа форматтың өзіне тән артықшылықтары да бар: Қазақстанның ең шалғай бұрыштарынан қатысуға тілек білдірген мыңдаған қатысушылар фестиваль пікірталастарына өздерінің смартфондарының экрандары арқылы қосыла алды. Бүгінгі таңда "ЖасSTAR" тікелей эфирлері 70 мыңнан астам қаралды. Сонымен қатар, эфирлік жазбалар YouTube-те тегін қол жетімді және ұзақ жылдарға шығармашылық мамандық студенттері үшін пайдалы практикалық оқу материалы ретінде қызмет етеді.

Үш апта бойы Қазақстан, Ресей, Грузия және Өзбекстаннан келген 35 сарапшы, белгілі мәдениет қайраткерлері өздерінің бірегей шеберлік сыныптарын өткізіп, қатысушылардың сұрақтарына тікелей эфирде жауап берді. Қазіргі заманғы мәдениет пен өнер әлемінің танымал кәсіпқойлары – Мариин театрының жетекші солисі Михаил Векуа, Еуропа киноакадемиясы мүшесі, кинорежиссер Әділхан Ержанов, продюсер Серік Әбішев, фотодокументалист Сергей Максимишин, актер Елжас Рахым, Қазақстан қолөнершілер одағының президенті Айжан Бекқұлова, қазіргі заман өнерінің кураторы Ирена Попиашвили және тағы басқалар фестиваль қатысушыларымен өздерінің баға жетпес тәжірибелерімен, білімдерімен және табыс құпияларымен бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, "ЖасSTAR" фестивалінің байқау бағдарламасы жалғасуда және жас қазақстандықтар 1 желтоқсанға дейін қатысуға өтінім бере алады. Жеңімпаздарды ақшалай сыйлықтар күтуде: 1 орын – 300 000 теңге; 2 орын – 200 000 теңге; 3 орын – 100 000 теңге. Байқау шарттары туралы толығырақ jasstar.kz сайтынан білуге болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: