Мәжбүрлеу жоқ. ІІМ қызметкерлері екпені өз еркімен алып жатыр
Нұр-Сұлтан әкімдігі
Жалпы, бүгінгі таңда 65 мыңнан астам ІІО қызметкері COVID-19 вакцинасын алды.
Ішкі істер органдарының қызметкерлерін вакцинациялау ерікті негізде жүргізіледі. Бұл туралы ІІМ Тыл департаментінің бастығы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
– Полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқара отырып, қылмыстарды ашқанда және тергегенде, оқиға орындарын тексергенде, жауап алуда, шақыруларға қызмет көрсетеді, жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, сондай-ақ санитарлық бекеттерде қызмет атқарады және карантинді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға қатысады. Сондықтан COVID-19 жұқтыру қаупі бар. Сондықтан ішкі істер органдарының қызметкерлері, медицина қызметкерлері сияқты коронавирусқа қарсы вакцинацияның басым тобына кіреді, – деді Қ.Сұлтанбаев.
Бүгінгі таңда вакцинация – бұл өзіңізді және жақындарыңызды қорғауға, ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға, әдеттегі өмір салтына карантиндік және санитарлық шектеулерсіз тезірек оралуға мүмкіндік беретін қажетті шара.
– Алайда вакцинация туралы шешімді әркім өз бетінше қабылдайды. Екпе алуға ниет білдірген қызметкерлер алдын ала тексеруден өтеді. Медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар вакцинациялауға жатпайды, – деп хабарлады ІІМ Тыл департаментінің бастығы.
Жалпы, бүгінгі таңда 65 мыңнан астам ІІО қызметкері COVID-19 вакцинасын алды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript