Ақмола облысында облыс прокурорының орынбасары тағайындалды

30 Қараша 2020, 15:21
Сурет: gov.kz

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 23 қарашадағы бұйрығымен Бекжан Ермуханбетұлы Ақмола облысы прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Бекжан Ермуханбетұлы 1978 жылы дүниеге келген. Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай жоғары мектебін, Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды ​​заң институтының магистратурасын "Құқық қорғау қызметі", "Құқықтану" мамандықтары бойынша бітірді.

Қызмет жолын Қостанай облысының ішкі істер органдарында 1997 жылы бастаған. Прокуратура органдарында 2010 жылдан бастап қызмет атқаруда.

Осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Арнайы прокурорлар қызметі Бас прокурордың аға көмекшісі лауазымында қызмет атқарған.

Сыныптық шен - аға әділет кеңесшісі.

"Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен марапатталған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?