Жаңалықтар тізбегі
0

Қайрат Бекенов Атырау облысы әкімнің орынбасары болып тағайындалды

gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.12.2020 02:52 gov.kz
Қайрат Бекенов 1978 жылы 31 қазанда дүниеге келген.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Ержан Әбілханов өз еркімен жұмыстан кетуіне байланысты орынына Қайрат Бекенов облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов активке жаңа орынбасарын таныстырып, жұмысына табыс тіледі, делінген Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің хабарламасында.


Қайрат Асқарбекұлы Бекенов 1978 жылы 31 қазанда дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "экономист" мамандығы бойынша, құқық және нарық академиясын "Заңгер" мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын "Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі" мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары Алматы қаласының салық инспекторы, ҚР Қаржы министрлігінің Үкіметтік қарыздарды тарту департаменті басқармасының бастығы, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас инспекторы болып жұмыс істеді.

Сонымен қатар, Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, Солтүстік қазақстан облысы әкімінің орынбасары, "Ақтөбе" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы АҚ Басқарма төрағасы лауазымдарын атқарды. Тағайындалғанға дейін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: