Декриминализация – дәрігерлердің үнін есту

2 Желтоқсан 2020, 16:14
Сурет: zakon.kz

Қоғамда дәрігерлердің пациенттерді емдеу кезінде жіберген қателерін заңды тұрғыда декриминализациялау туралы дау-дамайлар азаймай отыр. Екінші жағынан, келтірілген зиянды өтеу бойынша азаматтардың талап-арыздары да көбеюде. Бұл мәселелерді қалай шешуге болатыны туралы біз зейнеткер судья , заң ғылымдарының кандидаты, Астана медицина университетінің аппарат жетекшісі Бақытжан Асқаровпен тілдескен едік.

- Астана медицина университетінің ректоры Дайнюс Павалькис, белгілі еуропалық дәрігер, Еуропалық Комиссияның денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі ғылыми тобының мүшесі, ғалым, құқық саласында үлкен тәжірибеге ие. Бұл дәрігерлердің құқығын қорғауда жақсы бастама ғой?

- Расында біз АМУ ректорымен осы мәселені зерттеместен бұрын бірнеше кездесу өткіздік. Дәрігерлердің қылмыстық жауапкершілігі бойынша мемлекет заңдарын талқыладық. Егер дәрігер пациентті емдеуде қателесіп, мұның соңы ауыр зардаптарға соқтырса, ол сотқа тартылады, тіпті тергеу изоляторына қамалуы мүмкін. Менің мәліметтерім бойынша, елде 600-ге жуық дәрігер қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бірақ бұдан кімге қандай пайда келеді?Мүмкін пациенттерге немесе олардың туыстарына пайда әкелер? Әрине жоқ. Менің ойымша, бірінші кезекте дәрігерлер келтірген зиянның орнын толтырудың анық және тиімді механизмін енгізу қажет. Ақыры медицина туралы әңгіме қозғаған екенбіз, ең алдымен дәрігерлердің абайсызда жіберген қателері мен кәсіби тұрғыда тәуекелге баратындарын ескеруіміз керек. Адам өмірін сақтап қалуда бар мүмкіндіктерді пайдалану мүмкін емес.

Біз Еуропаның, АҚШ-тың, Ресейдің, Украинаның және басқа елдердегі дәрігерлердің кәсіби қызметінде жіберген қателерін декриминизациялау тәжірибесін зерттедік. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, дәрігерлер жіберген қатемен сот яки полиция емес, ең алдымен тәуелсіз медициналық кеңестер айналысуы керек. Мысалы, егер пациент қайтыс болса, адамдардың басым көбі "дәрігер әдейі жасады" деп шағымдануға дайын, бірақ іс жүзінде медицинада қасақана кісі өлтіру деген жоқ. Өз ісіне бей-жай қарау, әрекет жасамау яки көмек көрсетпеу сынды жағдайлар бар, бұл үшін дәрігер міндетті түрде жауап беруі керек. Дегенмен кейде басқа да жағдайлар болады,науқас комада болса, дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға тиіс, яғни операцияны науқастың келісімін алмай-ақ бастауы мүмкін. Егер операция жасалмаса, дәрігер әрекет жасамады деп қылмыстық іс қозғалады. Егер операция хаттамаға сәйкес жүргізіліп, пациентті құтқару мүмкін болмаса, онда бұл, әрине, қылмыстық жауапкершілікке жатпайды.

- Дәрігерлер қандай жағдайларда қылмыстық жауапкершілікке тартылады?

- Қасақана жарақат немесе кісі өлтіру үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Сот дәрігерлерге қатысты шешімдерді сот-медициналық сараптаманың қорытындылары негізінде қабылдайды. Алайда, бұл тәсіл, менің ойымша, тәуелсіз медициналық әділ-қазылар алқасының рөлін жоққа шығармайды, оларды да іске тарту қажет. Тергеуші аурудың жай-күйін дәл дәрігердей біле алмайды, өйткені ол дәрігер емес, істі қарайтын судья да дәрігер емес. Міне медицинада кеткен қателерді қарағанда тәуелсіз медициналық комиссия шақырылады, бұл тәжіибе бүкіл әлемде бар.

Әзірге дәрігерлер қылмыстық жауапкершіліктен сескеніп, жұмыс істеуде. Салдарынан ақ халаттылар ауру мен емдеудің шынайы көрінісін саралай алмай, бұрмалап жатады (бұл немқұрайлық емес, "қате" ем жасау). Бұған классикалық бір мысал – ауру тарихы бірнеше рет қайта жазылады.

"Дәрігердің қатесі" ұғымының нақты анықтамасы біз үшін маңызды екені анық. Дәрігерді пациентті көмексіз қалдырып немесе оған қажетті көмек көрсетпеген жағдайда жазалау керек. Алайда қиын жағдайда, пациентті дерті деңдеп кеткенде дәрігерге қылмыскер деп қарауға болмайды.

Айтпақшы, дәрігердің қатесін дәлелдеу мүмкін емес, себебі сарапшылардың өздері дәрігерлер және олар қашан да әріптестерінің пайдасы үшін жұмыс істейді деген жалпыға ортақ пікір – қате. Біріншіден, сыбайластық болмауы үшін, жұмысқа басқа аймақтардан мамандар тартылады, екіншіден, олар жеке тұлғалық құжаттармен жұмыс істейді.

- Демек, дәрігерлер алқасы пациентке келтірілген зиянды өтеу мәселесін сотқа жеткізбей, өздері қарағаны дұрыс па?

- Әрине. Мысалы абайсыз жағдайлар бола қалса, адамдар Президентке хат жазады, министрлікке я үкіметке жүгінеді. Мұндай іс жүргізу көбіне тиімсіз және бірнеше жылға созылуы мүмкін. Аталған талаптарды, ең алдымен, тәуелсіз медициналық қазылар алқасы қарастырып, уақытты созбай және бюрократиялық қасаң әрекеттерсіз шешуі керек деп санаймын. Оның басты артықшылығы да осы болмақ. Мұндай органға тек жоғары білікті дәрігерлер ғана емес, заңгерлер де кіруі керек.

Медициналық тәжірибеде өте күрделі операциялар бар, олардың нәтижесін алдын-ала болжау мүмкін емес. Сондықтан пациентке келген зиянды өтеу немесе қайғылы жағдай болса, туыстарына өтемақы төлеу үшін медициналық мекеменің сақтандыру полисі болуы міндетті. Полисті дәрігер қызмет ететін мекеме сатып алуы керек. Дәрігердің оны сатып алатын қаражаты болмауы мүмкін, ал мекемеде болады. Ал даулы жағдайларда, пациенттің немесе оның туыс-туғанының шағымдарын жоғарыда атаған әділ-қазылар қарайды, егер талаптары негізді болса, емдеу мекемесі сақтандыру компаниясы арқылы зиянды өтейді.

Бұл жағдайда пациенттің де, дәрігердің де мүддесі медициналық жауапкершілікті сақтау арқылы қорғалады. Сондай-ақ дәрігердің абайсызда жасаған әрекеті пациентке зиян келтірген болса, ол темірторға қамалмайды. Алайда оның жұмысын медициналық қазылар алқасы қарайды және дәрігерді жұмыстан шығаруды, қайта аттестаттауға жіберуді, лицензиясын тоқтату сынды т.б шараларды қабылдауды ұсынуы мүмкін. Бір сөзбен айтқанда, меніңше дәрігердің жауапкершілігінің медициналық сақтандыруын енгізу пациенттерге қатысты көп мәселенің алдын алады.

Тағы бір маңызды мәселе кез-келген салада корпоративті мүдде, қызығушылық деген бар. Мысалы, емдеу стандарттарын Денсаулық сақтау министрлігі жасайды және оларды бақылауды өздері жүзеге асырады. Яғни өзі емдейді, өзі тексереді. Ал көрсетілетін қызметтің сапасы туралы сарапшылардың пікірі, меніңше, тәуелсіз болуы шарт. Егер сараптама тәуелсіз болса, сот шешімі де әділ болады. Бұл жағдайда пациенттің де, дәрігердің де мүдделері дәрігердің медициналық жауапкершілігін сақтандырумен қорғалады. Сондай-ақ егер дәрігер науқасқа зиян келтірді деп айыпталса да түрмеге қамалмайды. Алайда оның әрекетін қазылар алқасы бағалайды. Бір сөзбен айтқанда, медициналық жауапкершіліктің міндетті сақтандыруын енгізу, менің ойымша, қарым-қатынастағы бірқатар мәселелердің (пациент пен дәрігердің арасында, тиімді де болады) алдын алады.

Дәрігердің мойнында салмағы ауыр жауапкершілік барын қазір көбі түсінеді. Біз дәрігерлердің қателерін декриминализациялау мәселесін тезірек шешуге тырысуымыз керек. Сонда медицинаның да, білімнің де сапасы артады.

- Егер пациент немесе оның туыстары келтірілген моральдық зиян үшін материалдық негізде көп мөлшерде төлем талап етсе не істеу керек?

- Мұндай жағдайлар да болып тұрады. Артық төлемді сақтандыру компаниялары ғана өтей алады немесе одан бас тарта алады. Әрине, егер адам құқығы бұзылды деп санаса, оны сотқа жүгіну құқығынан ешкім айыра алмайды.

- Егер дәрігерлердің қызмет барысында жіберген қателері декриминализациланса, ақ халаттылардың пациент алдындағы жауапкершілігі төмендеп, көпшілік айтқандай, борыш сезімі әлсіреп кетпей ме?

Дамыған елдерде, мысалы Ұлыбритания мен Францияда медициналық мекемелердің корпоративтік сыбайластығын жоятын Дүниежүзілік медициналық қауымдастықтың қағидалары қабылданған. Онда пациент пен дәрігердің құқықтарын қорғау бойынша қоғамдар құрылып, медицналық қызмет көрсету, заң, нормативтік-құқықтық актілердің сапасын бақылау және оларды әзірлеуге қатысатын арнайы комиссиялар құрылған.

Біздің елімізде, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанынан медициналық қызметтердің сапасына бақылау жасайтын ұйым - агенттік құру қажет, аталған агенттік тікелей Қазақстан Президентіне бағынуы тиіс. Себебі, денсаулықты қорғау – бұл азаматтың Конституциялық құқығы, ал Президент - бұл құқықтардың кепілі. Осылайша біржақты корпоративтік әрекетерді жоюға болады. Іс барысында емдеу стандарттарын әзірлейтіндер медициналық қызметкерлердің қызметін тексеруіне болмайды, бұған жол берілмеуі керек.

- Бұл денсаулық сақтау ұйымдарының пациенттер алдындағы жауапкершілігін әлсірете ме?

- Келесі мысалмен түсіндіргім келеді: Пациент сотқа дәрігерге қарсы арызданады. Дәрігер осы уақытта операция жасап жатыр. Алайда оны қоярда-қоймай сотқа шақыртады. Мұндай жағдайда бірінші кезекте медициналық қызметтің сапасы төмендейді. Психологиялық қысым көрсетіліп жатқанда дәрігер қалай жұмыс істейді?

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, медициналық қызметкерлерге қарсы жылына 90 мыңға дейін шағым түседі және бұл сан жыл сайын артып келеді. Арыз түскеннен кейін сот сараптама тағайындайды, қасақана қылмыс жасалса, қылмыстық іс қозғайды. Ал егер қылмыс абайсызда болған болса, қылмыстық іс қозғалмайды. Бірақ Үкімет емес, ақыр соңында пациент қанағаттануы керек, яғни оған келтірілген материалдық шығын мен моральдық зиян үшін өтемақы алуы тиіс.

- Осы жылы сіздің жетекшілігіңізбен медициналық қателерді декриминализациялау мәселесін зерттеу жұмыстарының қортындысы шыға ма?

- Иә, әрине. Біз бұл мәселені зерттеу үшін университеттің базасында арнайы медициналық құқық және этика кафедрасын аштық, сондай-ақ елдегі өзге де медициналық университеттерде құқық бойынша жалпыға ортақ білім беру жоспары бар. Бір жылдан астам уақыт бойы Астана медицина университеті медициналық қызметкерлер мен пациенттердің құқықтарын қорғауға қатысты мәселелерді көтеріп, мемлекеттік органдар мен заңгерлер қауымының назарын аударды. Осыған орай университет бірқатар іс-шаралар өткізді, соның ішіне осы жылдың 3 қарашасында "Медициналық ұйымдар мен пациенттер арасындағы дауларды шешуде медиацияны қолдану проблемалары мен болашағы" тақырыбында дөңгелек үстел өтіп, медициналық дауларды шешуде Татуластыру орталығын құру мәселелері талқыланды.

Орталық көрсетілген медициналық қызметтің сапасы, медициналық көмектің дұрыс көрсетілмеуі немесе мүлдем көрсетілмеуі, осы себепті материалдық немесе моральдық зиян келуі сынды мәселелерде медициналық мекемелер мен пациенттер арасында туындаған дауларды шешуде медиация процесін ұйымдастыруға бағытталған.

Нормативтік құқықтық актілерді және көрші елдердің жүйелерін зерттеу, парламент депутаттары, құқық қорғау органдары және қоғам көтерген мәселелердің мүмкіндігін түсінбеу немесе одан хабарсыз болып шығу жағдайын көрсетті, мұндай мәселелер біздің елде де болуы мүмкін.

Осыған байланысты 17-ші Дүниежүзілік Медициналық Ассамблеяда (Нью-Йорк, АҚШ, 1963 ж. қазан) және 35-ші Дүниежүзілік Медициналық Ассамблеяда (Венеция, Италия, 1983 ж. қазан) қабылданған денсаулық сақтау жөніндегі халықаралық Конвенцияларда Еуропа мен Американың көптеген дамыған елдерінде пациенттер мен медициналық қызметкерлердің құқықтарын, олардың тәуелсіздігін және тағы басқа бағыттар бойынша қорғау мәселесі қаралған, аталған денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастырудың стандарттарын біздің елде ратификациялау қажет.

Қорытындылай келе, "Астана Медицина университеті" ҮЕАҚ "Медициналық құқық және этика" кафедрасының оқытушылары, дәрігерлері мен заң ғылымдарының кандидаттары жоғарыда аталған мәселелерге қатысты нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға дайын екендерін айтқым келеді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?