Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандағы конфессияаралық келісім мен бейбітшіліктің маңыздылығы

kazislam.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2021 17:06 kazislam.kz
Дін саласындағы конфессиялардың қоғам алдында әлеуметтік жауапкершілігі маңызды екені анық.

Қазақстан Республикасы қазіргі таңда жаhандық заманында жасампаздық пен бейбітшілік қағидаларын жүзеге асыру мақсатында даму жолын анықтау барысында сыртқы және ішкі саясатын жүргізуде. Осы орайда, Қазақстандағы ішкі тұрақтылық пен келісімді қоғам арасында қамтамасыз ету үшін демократиялық принциптерді қолдану арқылы конфессияаралық достастықты көздейді.

Аталған маңызды тақырып аясында сөз өрбіту үшін азаматтық қоғам орнатудағы маңызды саланың бірі – конфессияаралық келісімді қамтамасыз етуде рөл атқаратын мемлекеттің дін саласындағы саясатын іске асыратын ресми тұжырымдама, заңнамалық актілер туралы ақпаратпен бөлісеміз.

"Дін саласындағы заң"

2011 жылы 11 қазанда ҚР "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңы" қабылданған, аталған заң Қазақстандағы діни қарым-қатынас саласындағы мемлекет пен діндер арасында зайырлы принциптерді реттейді, мемлекет, қоғам, жеке азамат арасында дін мен діни бірлестіктердің қатынасын заңнамалық акті шеңберінде іске асырады.

ҚР "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңы" қабылдағаннан бері Қазақстан аумағында ресми тіркелген діни бірлестіктер қайта тіркеуден өтіп, өздерінің конфессиялық тиесілігін, діни сенімдерін, пайда болу тарихын ашып жариялаған, қайта тіркеу мерзімінде 1 жыл ішінде 12% діни бірлестіктердің саны азайды. Осы заңның басты ережелері мен қағидалары келесі негіздерді реттейді:

1) мемлекеттің дін саласындағы саясатын іске асыратын уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдардың құзыреттілігін анықтайды;

2) діни бірлестіктерді құру, қосу және заң бойынша тарату нормалары айқындалған;

3) миссионерлік қызметті жүзеге асырушы жеке тұлғаларды тіркеу;

4) діни әдебиеттерді тарату орындарын белгілеу, діни ғимараттан тыс орындардың қызметін келісуден өткізу нормалары қамтылған;

5) қоғам мен азаматтардың жеке және отбасылық өмірлеріне нұқсан келтіруші діни бірлестіктер мен жеке тұлғалардың заң шеңберінде құқық қорғау органдары арқылы қызметтеріне тыйым салу негіздері қамтылған және т.б.

"Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасы"

Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған кешенді жоспар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 953 қаулысымен бекітілген. Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарын сақтау және одан әрі ілгерілету мақсатында саладағы түйінді аспектілерді, одан әрі дамуды және орын алып отырған проблемаларды көрсететін Кешенді жоспар әзірленген. Кешенді жоспардың ережелерін іске асыру саланы реттеудің сапалы негізін құрайды, мүдделі мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелілігіне және діни қызмет субъектілерінің қолданыстағы заңнаманы сақтауына елеулі ықпал етуді көздейді.

Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен міндеттері мыналар:

1. Мемлекеттік құрылыстың зайырлы қағидаттарын ілгерілету.

2. Азаматтардың діни сенім бостандығына және діни бірлестіктермен өзара іс-қимылын жасауда құқықтарын сақтау.

3. Қазақстандық қоғамда конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты сақтау.

4. Діни салада ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Бұл мақсаттарды орталық мемлекеттік органдар да, жергілікті атқарушы органдар да жүзеге асыруы керек.

Кешенді жоспар бойынша мемлекет діни бірлестіктердің қоғамдағы гуманистік құндылықтарды сіңіруге бағытталған қызметін де реттеуі керек деп анықталған.

Дін саласындағы конфессиялардың қоғам алдында әлеуметтік жауапкершілігі маңызды екені анық, осы себепте еліміздегі дін саласындағы заңнамалық актілер мен кешенді жоспарлардың тиімді жүзеге асырылуы қоғам мен мемлекет үшін аса қажет құбылыс деп есептеген дұрыс.

Шағырбай Алмасбек Дүйсенбекұлы,

ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты Дінтану бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, PhD доктор

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: