Алматыда жалған ақша жасаушылар заттай айғақты ваннада өртеген

4 Желтоқсан 2020, 15:59
Сурет: pxhere.com

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері қала аумағында жалпы сомасы 3 миллионннан астам теңгені құрайтын 500 және 5000 теңге номинальдарында жалған ақша дайындау және өткізумен айналысқан үш адамнан тұратын қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Тексеріс барысында бұрын сотталған бір топ азаматтың алдын-ала келісім бойынша ҚР Ұлттық банкінің жалған банкноталарын дайындап, өткізу мақсатында жасырын цех ұйымдастырғаны анықталды.

Сонымен, қылмыстық топтың тұрғылықты жеріндегі жалған ақша жасайтын цехқа бейімделген пәтерді тінту кезінде үш ноутбук, түрлі-түсті принтерлер, еріткіштер, ультрафиолет жарықтандырғыш шам, ламинатор, 500 және 5000 теңге номиналындағы су таңбасының іздері бар клишелер, су таңбасын ығыстыруға арналған тығыздағыш, бояу құйылған бөтелкелер, флэш-жад құралдары тәркіленіп алынды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша тәркіленген жалған банкноттардың жалпы сомасы 308 000 теңгені құрайтын 85 дана болды.

Қылмыстық топ мүшелері ұсталар алдында ванна бөлмесінде жалған ақша түріндегі заттай дәлелдемелерді өртеп үлгерген.

Үш айыпталушы да ҚР ҚК 231 бабы, 2-б., 1-т. (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу) сәйкес кінәлі деп танылып, оларға 6 жылдан 9 жылға дейін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?