Жаңалықтар тізбегі
0

Мұғалім жалақысын көтеру үшін ең қомақты бюджет Түркістан облысына бөлінді

НГС Красноярск, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2021 20:48 НГС Красноярск
Биылғы нысаналы трансферттің жалпы сомасы 447,3 млрд теңгені құрайды.

Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары мұғалімдерінің жалақысын көтеруге республикалық бюджеттен 447,3 млрд теңге бөлінеді. Соның ішінде ең қомақты қаржы Түркістан облысына бөлінсе, ең азы Атырау облысына жіберіледі, деп хабарлайды zakon.kz Kursiv.kz-ке сілтеме жасап.

Трансферт сомасы ел Үкімететінің "2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР Заңын іске асыру туралы" қаулысында жазылған. Ақша облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджетіне түседі. Биылғы нысаналы трансферттің жалпы сомасы 447,3 млрд теңгені құрайды.

Соның ішінде Түркістан облысына – 66,9 млрд теңге, Алматы облысына – 55,2 млрд теңге, Шығыс Қазақстан облысына 39,04 млрд теңге бөлінеді.

Атырау облысына бөлінген қаржы – 11,8 млрд теңге. Бұл облыстар арасында ақша ең аз бөлінген аймақ. Солтүстік Қазақстан облысы – 15,9 млрд теңге, Батыс Қазақстан облысы 16,2 млрд теңге алады.

Сондай-ақ, мұғалімдердің білікті санатына қосымша ақы төлеу үшін бюджеттен 135 млрд теңге қаржы қарастырылған.

Бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігі "Педагог мәртебесі туралы" заңға сәйкес, оедагогтердің лауазымдық жалақылары жыл сайын 25%-ға өсіп отыратынын және 4 жылдың ішінде мұғалімдердің еңбекақылары екі есеге артатынын хабарлаған болатын.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2021 20:48

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: