Головкин мен Шеремета кездесуі өткізілмеуі мүмкін

4 Желтоқсан 2020, 16:54
Сурет: Sport-Super Express©

Орта салмақта өнер көрсететін Камиль Шереметатың ресейлік бапкері Федор Лапин коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Fightnews.com порталы ақпарат таратты, деп хабарлайды vesti.kz.

Лапин Шереметедан бөлек тағы бір полшалық боксшы Кшиштоф Гловацкиді де жаттықтырады. Ол да коронавирус жұқтырыпды. Енді оның 12-желтоқсан күні Лондонда WBO белбеуі үшін британдық Лоуренс Околиге қарсы жекпе-жегі де өтпей қалуы мүмкін. Бұл айқас Джошуа мен Пулев арасындағы айқастың андеркартында болуы керек еді.

Айта кетейік, 18-желтоқсан күні Холливкд (Флорида штаты, АҚШ) Шеремета қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек өткізу керек. Бұл кештің басты жекпе-жегі болып, 12 раундқа жоспарлан кездесу болу керек еді.

Ал осы кештің андеркартында тағы бір қазақстандық боксшы, Али Ахмедов те шаршы алаңға шығады. 12 раундқа жоспарланған бұл кездесуде оның қарсыласы эквадорлық Карлос Гонгора болады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?