Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы тағайындалды

8 Желтоқсан 2020, 11:48
Сурет: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Ғани Майлыбаев Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ғани Майлыбаев 1987 жылы 10 қыркүйекте дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы "Нұр Отан" партиясының Алматы қаласы, Бостандық аудандық филиалының статистикалық есеп секторының меңгерушісі – бас есепшісі болып бастаған.

Әр жылдары "Нұр Отан" партиясының Алматы қаласы Алатау аудандық филиалында заңгер, кеңесші болып жұмыс істеді.

2014-2015 жылдары "Нұр Отан" партиясының Алматы қаласы Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болған.

2015 жылдан бастап 2019 жылға дейін Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылдан бастап 2020 жылға дейін Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары болды.

Қазіргі қызметке тағайындалғанға дейін ол Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасының басшысы болып келген.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?