Сайлауды мектепте өткізуге болмайды – ұстаз

8 Желтоқсан 2020, 15:51
Сурет: Sputnik / Абзал Калиев

Белгілі ұстаз Айман Сағидулла Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтен алдағы болатын Парламент сайлауына мектептерді қатыстырмауды сұрап, әлеуметтік желіде жазба жариялады.

Оның сөзінше, бұл мұғалімнің беделін түсіретін әрекет.

Біз Айман ханыммен байланысқа шығып, аталған жазбаны оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік, деп жазды abai.kz.

Ұстаздың ұсынысы

Асхат Аймағамбетов мырза! Халық үшін жасауыңыз қажет бір іс бар.

1. Мектепке сайлауды жақындатпау.

2. Мектеп мұғалімдері мен басшыларының комиссия мүшелігіне кіруіне тиым салу. (Қажет болса, заңға енгізу. )

3. Сайлау участкелерін мектеп ғимаратынан ашуға тиым салу.

Бұл сайлаудың арам ісіне мұғалімдерді араластырып, мұғалімнің беделін түсіруге жол бермеудің негізгі жолы.

Сондықтан мектеп пен мұғалімді сайлаудан қорғап, осы мәселені қолға алуыңызды сұраймын!

Сонымен қатар ол, мектеп директорларын сайлау біткенше қызметінен шеттетіп, жалақыларын қысқарту керек деп есептейді.

"Сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы мектеп директорлары. Директорлардың жұмыс уақыты таңғы 8.00 ден 18.00 аралығында. Олар сол аралықта директорлық жұмысына жалақы алады. Сонда сайлау комиссиянының төрағасы ретінде қай кезеңде жұмыс істейді? Түнде ме?

Әрине, директорлық жұмысының уақытында жұмыс жасап жүр. Сондықтан сайлау комиссиясының төрағасы болып жұмыс істеп жүрген мектеп директорларын, сайлау біткенше, уақытша директорлық қызметтен шеттетіп, жалақыларын толық қысқартуларыңызды сұраймын. Сайлау комиссиясының төрағасы болғаны үшін де жалақы алады. Бір адам бір уақытта екі жұмысты қалай істейді? Мемлекеттің, халықтың ақшасы далада жатқан жоқ.

Ақшаларын қызғанбаймын. Жасамаған жұмысына ақша төлеп отырсыздар.

Ойланып көріңізші. Бір уақытта екі жұмыс істей ала ма?

Осылай бір кезеңде екі жұмыс істеп, екі жұмыстан жалақы алуға заң не дейді", - деп жазды ол желідегі парақшасында.

Айта кетейік, 2021 жылдың 10 қаңтарында ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының сайлауы өтеді. Бұған дейін өткен Президент сайлауында мектеп директорлары мен мұғалімдері сайлау процесін бастан-аяқ өткізуге жұмылдырылды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?