Павлодар педагогикалық университетінің ректоры ауысты

9 Желтоқсан 2020, 15:59
Сурет: pspu.kz

Республикалық конкурстық комиссияның шешімімен КЕАҚ "Павлодар педагогикалық университетінің" басқарма төрағасы – ректоры болып педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Жанбол Жилбаев тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін ҚР БҒМ вице-министрі Мирас Мұхтарұлы Дәуленов онлайн-режимде ППУ-дың профессор-оқытушылар құрамына жаңа тағайындалған басшыны таныстырды.

ҚР Білім және ғылым вице-министрі М.Дәуленов өз сөзінде педагогикалық университеттердің білім беру сапасын жақсарту, білікті де жаңа заманға сай кәсіби педагог мамандарын даярлау қажеттігін атап өтіп, жаңа басшының университетті жоғары деңгейге шығаратынына сенім білдірді, делінген Павлодар педагогикалық университетінің баспасөз қызметінің хабарламасында.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?