Назарбаев Университетінің басшылығы ауысты

Назарбаев Университеті, басшылық ауысты, кадрлық ауыс-түйіс, Аслан Сәрінжіпов, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2023 18:38 Сурет: nu.edu.kz
4 желтоқсанда Назарбаев Университетінің (NU) Қамқоршылық кеңесінің (ҚК) шешімімен NU-дың Атқарушы вице-президенті болып Аслан Сәрінжіпов тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін Аслан Сәрінжіпов ҚР Білім және ғылым министрі болған, әлемдік деңгейдегі университетті құру кезінде NU-дың басы-қасында болған.

Сонымен қатар, қамқоршылар кеңесінің шешімімен NU-дың жаңа вице-президенттері тағайындалды:

Біләлов Дархан, жоғары білім саласындағы PhD докторы. Бұрын «Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ Басқарма төрағасы - Ректоры, ҚР Президентінің жанындағы «ҚР Ұлттық ғылым академиясының» вице-президенті қызметтерін атқарған.

Шоланов Ерлан, МВА магистрі. Бұған дейін Назарбаев Университетінің Жоғары білім мектебінің атқарушы директоры, Kozybayev University Басқарма төрағасы – Ректоры, «Нархоз университеті» КЕАҚ провосты лауазымдарын атқарған.

Уәлиева Әсел, DBA докторы. Бұған дейін Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінің атқарушы директоры, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма мүшесі – Операциялық қызмет жөніндегі проректор қызметтерін атқарған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: