Жаңалықтар тізбегі
0

Смайылов Назарбаев Университетінің жоспарларын талқылады

Әлихан Смайылов, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2023 15:33 Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Назарбаев Университеті қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысын өткізді, онда ұйым қызметінің былтырғы қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңесте университеттің ғылыми қызметті кеңейтуді жалғастырып жатқаны, атап айтқанда, кейінгі бірнеше жылда ғылыми-зерттеу жобаларының саны 146-дан 366-ға дейін өскені айтылды. Сонымен қатар ЖОО тақырыптық конференциялар мен кәсіби даму бағдарламалары арқылы республиканың басқа жоғары оқу орындарымен тәжірибе алмасу бойынша жұмыс жүргізеді.

Назарбаев Университетінің тағы бір ауқымды жобасы ондағы Медицина мектебінің Астана фармацевтикалық кластерін дамытуға қатысуы болып отыр, бұл Мемлекет басшысының дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар нарығындағы отандық өндірушілердің үлесін ұлғайту жөніндегі тапсырмасы шеңберінде іске асырылып жатыр. Сонымен қатар UMC университеттік медициналық орталығының базасында бірқатар күрделі хирургиялық операциялар жүргізіліп келеді, олардың кейбіреуі Қазақстанда алғаш рет жүзеге асырылып отыр.

Үкімет басшысына инновацияларды дамыту және ғылымды өндіріске енгізу бөлігіндегі ЖОО қызметі туралы баяндалды. Мәселен, 2022 жылы университет ғалымдары патенттер, коммерцияландыруға халықаралық гранттар жеңіп алды. Мысалы, аутизмге қарсы күресте роботтарды пайдалану жобасы республиканың 22 оңалту орталығында жүзеге асырылды.

Премьер-министр ЖОО-ға ғылыми-зерттеу қызметін, оны коммерцияландыруды одан әрі нығайту қажет екенін, сондықтан отандық қолданбалы әзірлемелер әртүрлі салада жиі қолданылатынын айтты.

"Жалпы, университеттің 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының және ғылыми зерттеулерді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасының көрсеткіштерін зерделеп, қажет болған жағдайда өзектендіру қажет. Әлихан Смайылов

Отырыста студенттер мен ЖОО түлектерінің кейбір жетістіктері туралы баяндама ұсынылды. Атап айтқанда, синтетикалық биология бойынша жыл сайынғы iGEM дүниежүзілік конкурсында NU iGEM командасының жоғары нәтижелері, жетекші әлемдік журналдарда ғылыми мақалалар жариялау, сонымен бірге тәжірибе алмасуға және бүкіл Қазақстан бойынша жас зерттеушілер желісін құруға бағытталған "Университет көпірі" атты студенттік бастамасын іске асыру туралы сөз болды.

Сонымен қатар кеңеске қатысушылар бірқатар ұйымдастыру мәселелерін және инвестициялық-құрылыс жобаларын іске асыруды талқылады. Премьер-министрге университеттің жасанды интеллект мектебі ретінде пайдаланылатын Алматыдағы әкімшілік ғимаратын қайта құру жобасы, студенттік жатақханалардағы орындарды ұлғайту жоспарлары және басқа да бастамалар таныстырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: