Жаңалықтар тізбегі
0

Смайылов мұнай-газ саласында демонополизациялау шараларын іске асыруды тапсырды

Демонополизация Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, онда «Атамекен» ҰКП-ның мұнай өңдеу саласын реформалау жөніндегі ұсыныстары қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР энергетика министрі Болат Ақшолақов шағын мұнай өңдеу зауыттары шығаратын өнімнің сапасын арттыру үшін оларды техникалық реттеу талаптарын күшейтуді ұсынды. 

Сондай-ақ ЕАЭО техникалық регламентіне сәйкес келмейтін мұнай өнімдерін шығаратын шағын МӨЗ-дерге салықтық және кедендік жеңілдіктерді алып тастау ұсынылды.

Мұнай өңдеу зауыттарынан ЖЖМ жөнелту кезінде теміржол қызметтерін көрсету тұрғысынан бағаның негізсіз өсуін және жекелеген компаниялардың бәсекесіз қызметін болдырмау үшін тарифтерді төмендету ұсынылды.

Сонымен қатар Премьер-министр Энергетика министрлігіне субъектілердің шектеулі тобына жеңілдіктер ұсынбау (тегін сақтау) үшін нарықтың барлық қатысушысына МӨЗ-де мұнай өнімдерін сақтаудың бірыңғай регламентін әзірлеуді тапсырды.

Мұнай өңдеу зауыттарында негізсіз өндірістік шығындарды болдырмау мақсатында олардың бақылау және қауіпсіздік жүйелеріне аудит жүргізу тапсырылды.

«Бұл бағытта бүкіл технологиялық процесті қамти отырып, бақылаудың цифрлық технологияларын енгізу қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Жалпы, Үкімет басшысы айтылған ұсыныстарды қолдап, кейбіреуіне түзетулер енгізуді және оларды іске асыру мәселелерін пысықтауды тапсырды.

Отырыс барысында сұйытылған газ нарығын, атап айтқанда, оның өнімін өнеркәсіптік қайта өңдеушілерге сату, сондай-ақ тасымалдау және сақтау бойынша демонополизациялау шаралары қаралды.

Премьер-министр уәкілетті мемлекеттік органдарға бағалық сөз байласуға әкелетін жағдайларды анықтау жұмыстарын жүргізуді және осы салаға қажетті нарық тетіктері бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: