Үкіметте мұнай-газ саласының объектілерін мемлекет меншігіне қайтару барысы талқыланды

Үкімет, экономиканы демонополизациялау, мұнай-газ саласы, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2023 09:51 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсының жазуынша, жиынға орталық мемлекеттік органдар, Бас прокуратура, БҚДА, ҚМА және басқа да ведомстволар басшылығы қатысты.

"Қатысушылар мұнай-газ саласының маңызды инфрақұрылымдық объектілерін мемлекет меншігіне қайтару барысын, теміржол жүк тасымалы нарығындағы жасанды монополияларды жою жөніндегі шараларды және астық тасымалдау нарығы субъектілерінің жауапкершілігін арттыру тетіктерін талқылады", – делінген хабарламада.

Премьер-министр алдағы уақытта нақты экономикалық нәтижелерге қол жеткізу үшін басталған істер бойынша рәсімдерді және жалпы экономиканың негізгі секторларын демонополизациялау қарқынын жеделдетудің маңызын атап өтті.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: