Ресей вакцинасынан Түркия бас тартты

10 Желтоқсан 2020, 08:55
Сурет: GuildHall

Түркия Ресейдің коронавирусқа қарсы вакцинасын сатып алмайды. Бұл туралы Reuters агенттігі елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожаға сілтеме жасап мәлімдеді, деп жазады centralasian.org.

Оның сөзінше, препарат тиісті зертханалық зерттеуден өтпегендіктен, оны қолдануға рұқсат бере алмайды.

Министр әңгіме қай вакцина жөнінде екенін айтпады. Бірақ осыған дейін Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі Түркияның "Спутник V" вакцинасын сатып алуға қызығып жатқанын мәлімдеді.

Reuters Түркия Қытайдың Sinovac Biotech компаниясынан 50 миллион дана вакцина сатып алғанын, жаппай егу желтоқсан ішінде басталатынын жазды. Фахреттин Қожаның айтуынша, Анкара сонымен бірге 2021 жылдың соңына қарай Pfizer және BioNTech компаниясынан 25 миллион дана вакцина сатып алмақ.

ТАСС агенттігі "Спутник V" вакцинасына қолдау көрсетумен айналысатын Тікелей инвестициялар қорындағы дереккөзге сілтеме жасап, Түркия препараттан бас тартпағанын, келіссөздер жүріп жатқанын жеткізді.

Түркияда пандемия басталғаннан бері 900 мыңнан астам адамға COVID-19 вирусы жұғып, 15 мыңнан астамы қайтыс болды.

"Спутник V" вакцинасын сынауға 40 мыңға жақын адам қатысқан. Ол ресми түрде 11 тамызда тіркеуге алынды. Сол кезде препарат клиникалық сынақтың екі кезеңінен ғана өткен. Сынақтың үшінші кезеңінде оның тиімділігі 95% екені айтылған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?