Түркия курорттарында КВИ жұқтырушылар саны күрт өскен
Түркияның Денсаулық сақтау министрі Фахреддин Қожа Түркия курорттарында коронавирус инфекциясын жұқтырушылар саны күрт артқанын айтты. Ол бұл туралы Twitter-де жазды, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
- Соңғы күндері біз алғаш рет вирус жұқтырғандардың айтарлықтай өскенін байқадық, - деп жазды ол.
Оның пікірінше, Түркия оның арты жаманға ұласпас үшін барлық мүмкіндікті жасауы керек.
Ресей 1 тамыздан бастап Ұлыбритания, Түркия және Танзаниямен арада әуе рейстерін қайта жаңғыртты. Осы күннен бастап Түркияның Анкара және Ыстамбұл сияқты қалаларына ұшақтар ұша бастады, ал 10 тамыздан бастап Анталия, Бодрум және Даламан курорттарына да ұшақтарды қабылдай бастады.
Түркияда індет басталғалы бері 234 мыңнан астам коронавирус инфекциясын жұқтырғандар анықталды, 5,7 мыңнан астам адам қайтыс болды, 218 мыңнан астамы емделіп, жазылды.