Қазақстанда ағашты заңсыз кескендерге жаза күшейтіледі

10 Желтоқсан 2020, 10:53
Сурет: facebook

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында орман ресурстарын қорғау және қалпына келтіру мәселелері қаралды, деп хабарлайды zakon.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев, Қызылорда облысының әкімі Г. Әбдіқалықова, Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев, Атырау облысының әкімі М. Досмұхамбетов баяндама жасады.

ҚР мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы ел аумағының 11%-ын құрайды (30 млн гектардан астам). Республиканың ормандылық көрсеткіші – 4,8%.

Мемлекет басшысы бес жыл ішінде орман қорында 2 млрд ағаш және елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызу міндетін қойды. Бұл Қазақстан 2018 жылы қосылған "Бонн шақыруы" жаһандық бастамасы аясында ормандылық деңгейін арттыруға және елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

ҚР "жасыл" қорының айтарлықтай өсімін қамтамасыз ету үшін осы жылдың желтоқсан айында Үкімет өсімдік әлемі объектілерін сақтау және ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі заң жобасын Парламентке енгізеді. Ол жасыл желектерді пайдалану кезінде заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға, сондай-ақ қатынастарды реттеуге бағытталған.

Әкімшілік және Қылмыстық кодекстерге ағаштарды заңсыз кескені үшін жауапкершілікті күшейтетін түзетулер әзірленді. Сонымен бірге кесілген ағаштардың орнына өтемдік ағаш отырғызу нормаларын ұлғайту көзделген.

Премьер-Министр экология, ауыл шаруашылығы, индустрия, қаржы министрліктеріне өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, екі ай мерзімде Ормандарды қалпына келтірудің және ағаш өсірудің кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Өңірлердің әкімдіктеріне елді мекендер мен мемлекеттік орман қорындағы жасыл желектерді мониторингілеу, түгендеу, олардың жай-күйі мен пайдаланылуын бақылау, орман қорғау қызметтерін материалдық-техникалық және кадрлық жарақтандыруды нығайту жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?