Педагогтердің еңбекақысын уақытында төлемеген басшылар жазаланды

10 Желтоқсан 2020, 12:55
Сурет: edu.mcfr.kz

Бюджет қаражатын сапасыз жоспарлағаны үшін жергілікті атқарушы органдардың 16 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР БҒМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысында 6 лауазымды тұлғаға қатысты шара қолданылды, олар: білім бөлімдерінің басшылары, бас бухгалтерлер және экономистер.

Жамбыл облысында 5 лауазымды тұлға жазаланды.

Қарағанды облысында білім бөлімінің бас бухгалтері, Павлодар және Ақмола облыстарында білім бөлімдерінің бас экономистері де тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, Қостанай облысында инклюзивті сыныптарда өткізген сабақтары үшін педагогтердің еңбекақысын төлемеу фактісі анықталды. Облыстық Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мен Еңбек жөніндегі инспекция басқармасының бірлескен жұмысының нәтижесінде білім бөлімінің басшысына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Қазіргі уақытта өңірде мұғалімдер алдындағы қарыз толық өтелді.

Педагогтердің еңбекақыларын уақтылы төлемеу фактілеріне жол бермеу мақсатында Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті облыс және аудан әкімдеріне және ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің өңірлік еңбек жөніндегі инспекцияларына тиісті хаттар жолдады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?