Мені Тоқаев марапаттады – Мұхтар Тайжан мақтанып қойды

10 Желтоқсан 2020, 16:48
Сурет: facebook.com / mukhtar.taizhan

Негізінен Алматыда жүретін Мұхтар Тайжан қазір Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен өзіне бұйырған мемлекеттік марапатын алу үшін Астанаға ұшуға дайындалуға кірісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы марапат иегерінің өзі жазды әлеуметтік желіде. Бірақ оның қандай марапат екенін әзірге айтпай отыр.

Кеше-бүгін Көлсайда отбасыммен қыдырып жүрген кезде, Ақордадан бір жауапты қызметкер хабарласты. Мәселен мемлекет басшысы президент Қасым-Жомарт Тоқаев мырза мені мемлекеттік марапаттауымен марапаттаған екен. Жарлыққа бүгін қол қойылды деп жатыр. Мен мұндай жоспар бар екеніне бүгінге дейін бейхабар болдым. Сол себеппен енді мен Алматыға қайтып барып, Астанаға жол тартам. Нақты қандай марапат дүйсенбі күні алған соң жазам ғой. Бәрімізде бұндай жағымды жаңалықтар көп болсын, деп жазды ол facebook-те.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?