Мұхтар Тайжан 15 тәулік қамауға алынды

ҚР парламенті мәжілісінің депутаттығына бұрынғы кандидат Мұхтар Тайжан қамауға алынды. Бұл туралы Zakon.kz-ке Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен азамат Мұхтар Тайжан ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қаулы заңды күшіне әлі енген жоқ.
2023 жылдың 9 сәуірі, жексенбі күні Алматыда сайлауға қарсы митинг өтті. Сәуірдің 12-сі күні Мұхтар Тайжанның Астанада ұсталған Жаңғаөзендік мұнайшыларға қатысты мәлімдеме жасауға тиіс баспасөз мәслихаты жоспарланған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript