Пара алып, ұсталған жоғары шенді әскерилер сотталды

14 Желтоқсан 2020, 12:58
Сурет: acca.media

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті пара алды деп айыпталған "Семей эксплутациялық бөлімі" РМБ-ның бастығы М.К.Хамзин мен оның орынбасары Д.К.Мұратовқа қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Олар бір топ адам болып алдын-ала сөз байласу арқылы кәсіпкер мен ҚР Қорғаныс министрлігі әскериерді пәтермен қамтамасыз ету бас басқармасы арасында жез сым жеткізу үшін 57,4 миллион теңге сомасына жасалған келісімшарттар бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны үшін 1,8 миллион теңге пара алды деп күдікке ілінді, делінген ведомства хабарламасында.

10 желтоқсанда Семей гарнизоны әскери соты М.К. Хамзинге мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 9 жылға бас бостандығынан айыру, сол секілді Д.К.Мұратовқа қатысты мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?