Жаңалықтар тізбегі
0

Жүкті келіншектер жалаңаш суретке түсіп жатыр

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2020 22:34 видеодан кадр
Мұны соңғы тренд деп біледі кей жандар.

Бұрын жас келін жүкті болғанда, бұл жаңалықты елден жасырып, тіпті ата-енесіне айтудан ұялатын. Бұл бір жағынан ішке біткен баланың аман-есен дүниеге келіп, келіншектің осы кезеңді оңай өткеруіне септік етеді дейтін үлкендер. Ал соңғы кездері елімізде аяғы ауыр әйелдер ішін жалаңаштап суретке түсуді әдетке айналдыра бастады. Мұны соңғы тренд деп білген жандар жұрттан "сүйінші" сұраған фотосессия барысын желілерге жариялауды да ұмытпайды, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Иә бұл бірнеше жыл бұрын ғана пайда болған жаңа тренд. Жаңашылдықтың соңынан ереміз деп талай жүкті келіншек қарнын ашып фотосессия жасап әлек. Сәннен қалыспағандардың бірі Балнұр Қуантай.

Балнұр Қуантай, визажист:

Біріншіден, мен ол жерде жалаңаш түскен жоқпын, ішім ашық болғаны болмаса, былай көз тиеді деген заттан біз өзіміз қорқамыз. Мен соңына дейін көрсеткен жоқпын, баланы босанып, адам болып кішкене, өзімізге келгеннен кейін ғана барып, инстаграмға салып, достарыммен жақын адамдармен бөлісіп, елге жарияладық.

Балнұрдың бал жайнаған жүзін көріп жолдасы да қоштай түскен. Десе де үй үлкендері жақтай қоймады. Көз бар, сөз бар дегендей

Балнұр Қуантай, визажист:

Мама ренжіп қалды. Біраз уақыт сөйлескенде жоқпыз. Сол суретті көріп, фотоссесия жасаған соң сурет жіберген болатынмын мамама, мама маған ренжіп ұрсып, ұрсып, осы сендер қандай қызсыздар деп ұрсып, біраз уақыт менімен сөйлеспей қойған. Сосын барып кішкене түсініп мені, кешірді, ұнады.

Иә үлкендер үшін таңсық болуы мүмкін. Бірақ арулар үшін естен кетпес естелік. Мәселен, Жансая осыған дейін 60-қа жуық жүкті келіншекке фотосессия жасаған.

Жансая Қанайқұлова, фотограф:

Бұл 2018 жылдан бері Бейонсе бастағаннан әлемдік тренд болып кетті. Жүкті әйелдер осындай вок стильда дейді ғой сондай матамен или боди сондай стильда фотосессия жасағанды ұнатады.

Дегенмен қоғам белсендісі құрсағын жалаңаштап жұрттың көзінен жасқанбайтын жастарға ренішін білдірді. Тренд деп жүріп менталитетімізден айырылып барамыз деген пайымда.

Қарлығаш Бекпатша, қоғам белсендісі:

Аяғы ауыр келіншектің қарнын ашып суретке түсуі деген, бұл енді тіптен мәдениеттің төмендігенінің бір түрі шығар. Ол бір жай үрлеп қойған қарын емес, оның ішінде ұрпақ бар ғой. Бала бар. Ол баланың келешегі бар. Ол өзін ойламаса да, баланың келешегін ойлау керек қой. Сол жалаңаш түскен сурет баланың өмірлік келешегіне балта кесуі де мүмкін.

Иә, бұрындары жүкті екенін жариялап фотоға түспек түгілі аналарымыз 9 ай бойы құрсағын бөтен көзден жасырып ұстаған еді. Ал қазір заман да көзқарас та өзгерген. Кез келген жаңашылдықтың жақсы жағын ғана қабылдаған жөн дейді мамандар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: