Ақтөбелік мүгедек жанның кәсібіне басқа қалалардан ұсыныс түсіп жатыр

Аktobenews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2018 21:43 Аktobenews.kz
Жас кәсіпкер мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 20-дан астам нысан салды.

«100 жаңа есім» жобасына есімі енген Шахан Жолдасбаевтың кәсібіне көрші облыстар қызығушылық таныта бастады, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап дайындалған әлеуметтік жобасы қаржылай қолдау тауып, қазіргі таңда үлкен кәсіп көзіне айналдырып отырған Шаханның жұмысына басқа қалалардан ұсыныс түсуде.

«Бұл тек біздің қаладағы мәселе емес. Еліміздің батыс өңірін қамту жоспарда бар. Көрші Маңғыстау облысы мен Орал қаласынан ұсыныстар түсіп жатыр. Алдыма мақсат қойып, осы жобамды кеңейткім келеді», — дейді Шахан Жолдасбаев.

Ақтөбе қаласында «Пандус-Ок» әлеуметтік жобасы аясында жас кәсіпкер мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 20-дан астам нысан салды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: