"Сәбиімді баласы жоқ қайынағам тартып алды". Желідегі жазба бойынша тексеріс жүргізілді

15 Желтоқсан 2020, 12:38
Сурет: liter.kz

Орал қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде жаңа туған сәбиі ұрланғаны туралы шағымданып, жазба жариялады. Полиция тексеріс қорытындысы бойынша, бұл фактінің расталмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мой город" порталы атап өткендей, полиция бұл факті бойынша тексеру жүргізді.

Фейсбуктегі парақшасында әйел өзінің екі айлық баласынан айырылып қалғаны туралы жазба жариялады.

Оның айтуынша, ұлы дүниеге келгеннен кейін 40 күн өткен соң, енесі оған салонға баруы үшін қолына ақша ұстатады. Шашын қидырып, жөнделіп, кері оралған келіншек үйден ешкімді таппай қалады.

Сөйтсем енем баланы үлкен ұлына беріп жібергені анықталды. Ал олардың өз баласы жоқ. Жүктілік кезінде олар маған баламды беруімді өтінді, бірақ мен мұндай ұсыныстан бірден бас тарттым. Күйеуім үнсіз, олар (үлкен ағасының отбасы - авторлық ескерту) балалы болғысы келетіндерін айтады. Менің балам емшекте, ол мені шарқ ұрып іздеп жатқаны хақ. Мен бірден үлкен ұлымды алып, төркініме кеттім. Полицияға арыз жаздық, бірақ одан пайда жоқ, ағам екеуміз күнде қайынағамның үйін күзетеміз, бірақ олар үйінде жоқ, есіктері тарс жабық, көшіп кеткен секілді. Маған баламды табуға көмектесіңіздерші, делінген хабарламада.

Жазбада ешқандай адамның аты-жөні, мекен-жайы немесе іліп алатын басқа ақпарат болмады.

Орал полиция бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы Мадина Құспанова бұл фактіге қатысты тексеру жүргізілгенін айтты.

Авторын анықтап, қай жерде тұрғанын біліп, мекен-жайға бардық. Сұрақ-жауап алу кезінде әйелдің жаңа туған баласы болмағаны анықталды, тек алты жасар баласы бар. Бірнеше ай бұрын оның әлеуметтік желідегі аккаунты бұзылған болып шықты, кейіннен өзінің атынан осындай сипатта жазба жарияланған. Біз оның аккаунтын бұзу фактісі туралы арызын қабылдадық. Әйелдің қайын енесі осы ауылда тұрады, - деп түсіндірді Мадина Құспанова.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?