Алматыда екі сайлаушы өз аты-жөні тұрған жерге басқа біреудің қол қойғанын анықтаған
Сурет: Zakon.kz
Алматыда №253 учаскеде сайлаушылардың бірі бюллетеньде өз аты-жөні жазылған жердің қарама-қарсы тұсында басқа адамның қол қойғанын анықтағаны туралы BES.media Telegram-арнасында ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Екі алматылық дауыс беруге келіп, өздерінің аты-жөні жазылған тұстың қарама-қарсынан басқа адамның қойған қолына куә болған.
Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанна Асанова болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"№253 сайлау учаскесінде комиссия мүшесінің қателігіне байланысты сайлаушы басқа бағанға қол қойған, бұл жайт басқа сайлаушы келгенде анықталды. Комиссия бюллетень тарату кезінде комиссия мүшесінің бұзушылыққа жол бергені туралы акт толтырды. Аталған комиссия мүшесін жұмыстан шеттету туралы шешім шығарылды". Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанна Асанова
2022 жылы 20 қарашада Қазақстанда президенттің кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. ОСК деректері бойынша сайлаушылар тізіміне 11 950 485 Қазақстан азаматы тіркелген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript