Павлодар облысындағы блок-бекеттер алынып тасталғалы жатыр

15 Желтоқсан 2020, 12:59
Сурет: azattyq-ruhy.kz

16 желтоқсаннан бастап Павлодар облысында бірқатар шектеулер алынып тасталады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл өңірдің коронавирус инфекциясының таралуы бойынша "сары" аймаққа өтуімен байланысты. Павлодар облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Әлиев Батырбек облыс әкімдігіне, облыстың қалалары мен аудандарының әкімдеріне, мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, кәсіпкерлік субъектілерге, заңды тұлғаларға жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын қалааралық, ауданаралық автобус, микроавтобустар жұмысын шектеулі кестеге сай қайта жаңғыртуды бұйырды.

"Павлодар-онлайн" хабарлағандай, облыста спорттық, отбасылық, ойын-сауықтық, ұжымдық, корпоративтік және салтанатты іс-шаралар өткізуге салынған тыйым өз күшін жоймайды.

Сондай-ақ облыста сұлулық салондарының, шаштараздардың, SPA орталықтардың, алдын-ала жазылу бойынша косметикалық қызмет көрсететін мекемелердің жұмысына рұқсат етілді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?